Мен Қазақпын

Танымасаң танып ал мен Қазақпын
Жағам жайлау, көңілім кең Қазақпын
Ұлысым бай іргелі ел Қазақпын
Ырысым сай нүр жері кең Қазақпын

Мен емеспін кешегі өшкен Қазақ
Құба жонда тентіреп көшкен Қазақ
Мен боламын қойнауға қой қаптатып
Қала салып, білім алып өскен Қазақ

Қазақпын, тегің кім деп тектемеген
Ере келген иткеде кет демеген
Пейілі түссе бір атын түсіп беріп
Бір атын насыбайға өкпелеген

Қазақпын, түнемеген төріне түн
Бар сыры домбырада төгілетін
Аңқылдаған ақ көңіл ел боламын
Аузын ашса жүрегі көрінетін

Қазақпын, қаз мойны ойнақтаған
Ойда баққан бір өңкей қой бақпаған
Ер елдігім ешкімді жатсынбаған
Тереңдігім ешкімді бойлатпаған

Қобыланды Қазақпын батыр елмін
Қозыбаян Қазақпын тату елмін
Қожанасыр Қазақпын аңқау елмін
Абай туған Қазақпын ақын елмін

Жастык үнi

Калмайын деп өмiрден калыс,жасып,
Тартып барам тартынбай алыска асып,
Бере жүршi агайын,акыл маган,
Аягымды алмайын шалыс басып.

Жүрегiм бар-дамылсыз тасып турган,
Көнiлiм бар-шалкыган асып кырдан.
Талабым бар-тау бузып тас жаратын,
Арманым бар- iлгерi асыктырган.
Жанарым бар-жалын боп лапылдаган,
Акылым бар-түспеген арнасына,
Бере жүршi агайын, акыл маган
1966 жылы “Жауказын” Өлгий-1972

Бабам менiн

Ашпын деп отырмаган текке налып,
Колына,айыр сока-кетпен алып,
Бересiн кара жердiн тартып алган,
Япырай,бабалрым неткен алып.

Күштiге-күшсiзбiн деп жасымаган.
Күшсiзге-күштiмiн деп тасымаган,
Көтерген катал өмiр тагдырларын,
Япырай,бабам неткен асыл адам.

Кетсе де дос сүрiнiп,кас акталып,
Жау болып аттанбапты жасактанып.
Көндiрiп парасатпен адамзатты,
Игiлiк талай iстi жасапты алып.

Ашканда дүние атты бiр есктi ,
Озбырлык үстемдiкпен тiреспiтi.
Өмiрден езу тартпай өтсе де өз ,
Мен күлсiн,шаттансын деп күресiптi .

Шумактар

Тiршiлiк-емес тек күн кешу,
Тiршiлiк-зор талгам талгайды,
Тiршiлiк-бакытпен үндесу,
Тiршiлiк-сан кызык,сан кайгы.
* * * Сонау бiр орыныма биiктегi ,
Шыгармын енбекпен тау үйiп тегi …
Булаксыз тек iлгерi кулшындырган,
Ар катал,өмiр неткен сүйктi едi .
* * *
Адамдар бар-күресiп,максат еткен,
Бакытты боп өтудi –жарык болып.
Надандар бар-бакытын баска тепкен,
Көленкенiн өзiне карык болып.
* * *1966 ЖЫЛЫ

Курмангазы

Курмангазы
Елiнiн аркалап наз-наласын,
Анырап күй төгiлсе тан каласын.
Бесiкте бала уанып,аксакалдар,
Койыпты дастарханга алган асын.

От көрiп макпал түнде жылтыраган,
Бул күймен бiр жасапты шiркiн адам.
Кулын даусы оятып шартарапты,
Тулпарлар сол далада шуркыраган

Атадан кабылдап ап сый-гурыпты,
Усынып урпактарга игiлiктi .
Сүт сiнген касиеттi сахаранын,
Алпыс екi тамырын идiрiптi .

Безбүйрек тас тагдырдын бермесiне,
Тiрлiкте табынады ер несiне.
Танiрге бас идiрiп,тастапты орап,
Күйсандыктын екi iшек пернесiне.

Толганып,токсан толкып емренiп,
Дөнбекшiп,дөнгеленiп,тебiренiп,
Ауаны алдилептi сылкым сазбен,
Канатты кудыретке берiп ерiк.

Үзiлмес аяулы жыр ару анi ,
Өнердiн тiрi көзi ,ары,каны.
Кен алем кеудесiнде күмбiрлеген,
Оркестр-онын асыл аруагы.

Халкынын камал,шындай бiр мангазы,
Ардагер арыстаны,мун мен назы.
Мунара-күй күмбезге сүйеп кеткен.
Казактын домбырасы-Курмангазы

1967жылы

Өнер тарланы

Сыңсытып сыбызғыны қуат-күшің,
Қуырған домбырада қүй апшысын,
Дрижёр,композитор,артис,күйші-
Бір өзің бір театр сияқтысың!

Бес өнер аздық етіп атыңа да ,
Бес кітап жаздың және ақын-аға…
Сиқырлы таяқшаңды қозғап қалсаң,
Сілкініп жан бітеді сахнаға.

Қол соғып қастерлесе елің егер,
Ұсынар қашандағы төрін өнер.
Бурылдаған шашыңды сілкіп тастап,
Жасарып сахнадан көріне бер!
1985,ақпан

Өкпелісің неге сен?

Сен меннен жырақ кеттің,жырақ кеттің,
Жаныңа қандай ғана сыр ап кетің?
Аңқылдап алыс жерден іздеп келіп,
Алдыңнан неге ғана жылап кеттім?

О,менің егіз досым-жыр өлеңім
Кеудемді бір ақтарсаң білер едім.
Мен саған қиюшы едім тек жақсыны,
Мен саған еш жамандық тілемедім.

Өмірде қайғы жұтып,күрсінбеген,
Пенде боп жұмыр жерде дүрсінбеген,
Сенің пәк жүрегіңде гүл тербеліп,
Көңіліңе құс қонақтап жүрсін деп ем .

Бал қанатын балалықтын бөліп жейтін,
Шіркін-ай,бүтін ек қой бөлінбейтін,
Мені құшқан құшақ та сені аймалап,
Біздерді еркелеп «төлім» дейтін.

Амал не кеш сезіндім ,ұғынбадым,
Көңілің неге ғана суынғанын,
Жайқалған дос шыңында қос шынар ек,
Осы ма дауыл тұрмай жығылғаның?!

О,досым,махаббатым,жыр-өлеңім,
Мен саған не бақытты тілемедім,
Сен меі жырақ барсаң білер едің,
Кеудемді бір ақтарсаң білер едің,
Мен саған не бақытты тілемедім!
1971.

Құбылма

Құбылма
Кеше:

«Дін дегенің-жын» дейтін,
Молдасың деп жүндейтін,
Ата –салтын міндейтін,
Ана-тілін күндейтін,
«Мен – қазақпын» дегенді,
«Ұлтшылсың» деп тілдейтін-
Болып еді «ең шенді»,
Тітіреткен белсенді.

Бүгін:

Момақансып бұл күнде:
«Тілім,дінім,ұлтым»-деп,
Сол қоғамнан нан жейді,
Жұтқыншағы бүлкілдеп.
1991 жылы

Кәкей Жаңжұңұлы
992

ТІЛІМ – ПІРІМ

Пір тұтатын әулием, ана тіл-ау,
Ана тіл-ау, ұшатын қанатым-ау,
Жүйріктейін қан түскен аяғына,
Жүдеу тартып күн сайын барасың- ау!

Жаутаң-жаутаң етесің есіл тілім,
Есіл тілім, барады не боп күнің?
Жарқ-жұрқ еткен жалынды мынау шақта,
Неге бәсең шығады сенің үнің?

Сенің күйің болсада еліңе сын,
Мінбелерден тым сирек көрінесің.
Есіктегі кірмелі құл емессің,
Шықпай жүрсің неге сен төріңе шын?

Заманың сай болсада құты басым,
Бүйте берсең тозғындап жұтыласың.
Кеңсе, іс-қағаз тілінде сөйлей алмай,
Жиындарда ресіми «тұтығасың».

Қалмасаң да дамыстың еш көшінен,
Зәбір жасап кімменен шектесіп ең?
Өз үйіңде кім сені өгейсітіп,
Кім шеттетті сабақтың кестесінен?

Бақытқа мас бабамның кей «шешегі»,
Сеніменен тілмаш сап сөйлеседі.
«Жалғыз белден аспайды» деп мұқатып,
Қолын сілтеп: «Әй оны қой» деседі.

Бір бел емес, білсең сен Айда жүрсің,
Бағаңды біл, бағыңды байлап жүрсің,
«Негізгі заң» ұсынған еркің қайда,
Сыбағаңнан құрғалып қайда жүрсің?

Ұрпақтардан-ұрпаққа жалғасулы,
Артқа тастап келіп ең сан ғасырды.
Кім шектеді еркіңді мұжықсынып,
Көрсет кәне, көзіме алда шыңды!

Ана тілім, сен үшін өлімдімін,
Сенің күнің-емес пе менің күнім.
Халқым өшіп кетпесе бұл тарихтан,
Сен де өлмессің дегенге сенімдімін!

Әзіл

Айналайын,кербезім,керік мүсін,
Осығұрша модаға жерікпісің
Шекпеніндей поптардың сүйретілген,
Мынаусыз-ақ,қарағым көріктісің.

Шолжыңдасаң,шолжыңда ерке гүлім,
Көйлегіңнің сөкпеспін келтелігін.
Саусағыңнан қорқамын сояуынан,
Жезтырнағы елестеп ертегінің…

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.